Қарлы Алтайда қар-мұз саяхаты қарқынды дамыды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 19 қаңтар

19 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаңды мыңдаған шақырымға созылған, айрықша көркімен өзгеден ерекше көрінетін Алтай таулары алып жатыр.

Жергілікті халық негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Алты айға жуық уақытқа созылған қарлы маусым тұрғындарды әлемнен оқшаулап, қақаған аязбен күресуге мәжбүрлейтін еді.

Соңғы жылдары таулы жер бедері мен қар сапасының ерекшеліктеріне сүйене отырып, Алтай аймағында қар-мұз спорт түрлері мен қысқы туризмнің қарқынды дамуына ықпал ететін бірқатар тау шаңғысы курорты салынды. Осылайша, кезінде Алтайды сыртқы әлемнен оқшаулаған қар қазір сыртқы әлемді байланыстыратын «көпірге» айналып, жергілікті халыққа да көп мүмкіндік әкелді. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото