Даньчжай, Гуйчжоу: Материалдық емес мәдени мұралар шоуы арқылы Жаңа жылды тойлайды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 28 қаңтар
Даньчжай, Гуйчжоу: Материалдық емес мәдени мұралар шоуы арқылы Жаңа жылды тойлайды

28 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 27 қаңтарда Гуйчжоу өлкесінің Цяньдуннань Мяо және Дун автономды префектурасындағы Даньчжай ауданынының Сунлон Мяо ауылында дәстүрлі Қытай жаңа жылы атап өтілді. Айналадағы ауылдардағы Мяо бауырластар мерекелік костюмдер киіп, би алаңында «Дәстүрлі совок биі» және «Мяо қырғауыл биі» сияқты материалдық емес мәдени мұра билерін көрсетті. Көпшілік көктемгі мерекені күлкі мен шаттық ішінде қарсы алды.

Данчжайдың «Мяо қырғауыл биі», «Мяо костюмдері» және «Дәстүрлі совок биі» сәйкесінше 2006, 2008 және 2021 жылдары ұлттық материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото