2023 жылғы Көктем фестивалі кезінде ел ішінде 308 миллион турист саяхат жасады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 28 қаңтар
2023 жылғы Көктем фестивалі кезінде ел ішінде 308 миллион турист саяхат жасады

28 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 27 қаңтарда Мәдениет және туризм министрлігі 2023 жылғы Көктем фестивалі кезінде мәдениет және туризм нарығындағы жағдайды жариялады. Мәдениет және туризм министрлігінің деректер орталығының есебіне сәйкес, биылғы Көктем фестивалі кезінде ішкі туризмде 308 миллион адам саяхат жасады, бұл былтырдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,1%-ға көп. Ішкі туризмнен түскен табыс 375,843 миллиард юаньға жетіп, былтырдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға өсті. Ұлттық мәдени және туристік нарық жалпы алғанда қауіпсіз және тұрақты дамып келеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото