Қытайдың құтқару тобы Түркияға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 8 ақпан
Қытайдың құтқару тобы Түркияға жетті

8 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Түркия үкіметінің өтініші бойынша Қытай үкіметі жіберген қытайлық құтқару тобының 82 мүшесі 8 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша 3:30-да Түркияның оңтүстігіндегі Адана қаласының әуежайына келіп қонды. Топ тез арада халықаралық құтқару жұмыстарын бастауға дайын.

7 ақпанда Бейжің уақытымен кешкі сағат 10:00-да Қытайдың құтқару тобы Air China арнайы рейсімен елорда әуежайынан жер сілкінісінен зардап шеккен аймаққа жолға шықты. Қытай үкіметі тарапынан келген іздестіру және құтқару жөніндегі алғашқы халықаралық кәсіби команда негізінен Бейжің өрт сөндіру және құтқару бригадасының қызметкерлерінен, Қытайдың жер сілкінісі бойынша жедел іздеу және құтқару орталығынан және жалпы медициналық жедел жәрдем ауруханасы мүшелерінен жасақталды. Олар барлығы 20 тонна іздестіру-құтқару құралдарын, байланыс құралдарын, медициналық және басқа да құтқару материалдары мен жабдықтарын, сондай-ақ 4 іздестіру-құтқару иттерін ала кетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото