Құтқару күнделігі: Екінші күні бір отбасының бес адамын құтқарып алдық

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 10 ақпан

Қытайдың Rescue Team of Ramunion құтқару командасының негізін қалаушы Хэ Джунь баяндады.

10 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 9 ақпанда Rescue Team of Ramunion құтқару тобы Түркияда құтқару жұмысын жүргізген екінші күні ауа райы бұрынғыдай суық болды.

Сағат 8:45-те апат туралы хабар келді. Белен (Belen) қалашығынан байланысқа шыққан әйел Rescue Team of Ramunion құтқару тобына қираған үйі астындағы туыстарын тездетіп құтқарып қалуды өтінді.

Біз бірден жолға шықтық. 30 минуттан кейін Белен қалашығында басқа құтқару топтарымен бірге біз қирандының астынан бір ересек адам мен баланы шығарып алдық. Өкінішке қарай, олар қирандының астында қаза тапқан.

Белен қалашығында құрбандар шығыны болды. Жер сілкінісінен құтқарудың алтын уақыты - 72 сағат. Біз көп адамның өмірін сақтап қалу үшін дереу келесі құтқару орнына қарай жүгіруімізге тура келеді.

Бір көлбеу ғимараттың еденіндегі құтқару жұмыстары өте ауыр болды. Жергілікті есептерге сәйкес, ғимаратта әлі табылмаған 15 жастағы бала бар. Жағдайларға байланысты біз негізгі құралдардың көмегімен кезек-кезек өмір белгілерінің бар-жоғын білу үшін 2-қабаттан 1-қабатқа кіруіміз керек болды. Алайда, бұл құтқарудың нәтижелері бізді әлі де алаңдатады.

Бағымызға қарай, жергілікті уақыт бойынша сағат 13:30-да біз түрік армиясының қалалық іздеу тобымен бірге 2 ересек пен 3 баладан тұратын Белен қалашығындағы отбасын құтқарып алдық. Екі ересек адам ауыр жарақат алған, олар алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дереу ауруханаға жеткізілді. Бір қуантарлығы - балалардың ешқайсысы зардап шекпеген. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото