Қытайдың Rescue Team of Ramunion құтқару тобы аман қалған 7 адамды құтқарды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 13 ақпан

13 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайлық Rescue Team of Ramunion құтқару тобының негізін қалаушы Хэ Джуньнің айтуынша, құтқару тобы Түркияға 8 ақпанда келіп, бірден құтқару жұмыстарына кіріскеннен бастап, жергілікті уақыт бойынша 11 ақпанда кешке дейін Хатай өлкесіндегі 4 қалада қиранды астында қалып қойған 17 адамды тапты (оның ішінде 7 адам тірі қалған). Сонымен бірге олар жергілікті түрік құтқару күштеріне көмектесіп, қиранды астында адамдар қалған 14 орынды тапты.

Хэ Джунь Rescue Team of Ramunion құтқару тобы қазба жұмыстарын жүргізуге, оқиға орнын іздеуге және бақылауға жауапты екенін айтты. Жергілікті құтқару күштері қазба жұмыстарын жүргізуге және кедергілерді жоюға жауапты. Жергілікті армия қауіпсіздік пен бақылауға жауапты. Барлығы ғажайыптардың жалғаса беретінін күтіп, адам өміріне араша болуды бірлесе жүргізіп жатыр. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото