Цинь Шихуан қабіріндегі атты әскерлер жасағы жұртында маңызды археологиялық нәтижелерге қол жеткізілді (5)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 22 ақпан
Цинь Шихуан қабіріндегі атты әскерлер жасағы жұртында маңызды археологиялық нәтижелерге қол жеткізілді

22 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шэньси өлкесінің мәдени жәдігерлер бюросы Цинь Шихуан қабіріндегі атты әскерлер жасағы бар № 1 шұңқыр сияқты бірқатар маңызды археологиялық жетістіктерді жариялады. Археолоктер 2009 жылдан 2022 жылға дейін Цинь Шихуан кесенесінің мұражайы шамамен 430 шаршы метр № 1 шұңқырға үшінші қазба жұмыстарын жүргізді. Барлығы 220-дан астам қыш жауынгерлер мен 16 тұяқ қыштан құйылған жылқыларды, сондай-ақ мыңнан астам көлік құралдары, қару-жарақ пен өндіріс құралдары тазартылды.

Цинь Шихуан қабіріндегі атты әскерлер жасағындағы № 1 шұңқырда жаңадан табылған мәдени жәдігерлерді қазу нәтижелеріне сәйкес, әскери құрылымдардың орналасуы, сондай-ақ Цинь Шихуан қабіріндегі атты әскерлер жасағын жасау шараларының бүге-шігесі алдын ала анықталды. Жасақтардың қолдары бөлек жасалады. Жауынгерлердің денесі толығымен құрастырылып, қайта сыланып, барлық ою түрлері аяқталғаннан кейін ғана қолдар біріктіріледі.

Осы уақытқа дейін Цинь Шихуан қабірі мұражайы 140-тан астам атты әскерлер жасағын жаңадан қалпына келтірді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото