- Барлық ақпарат
Қытайлық теннисші тарихта тұңғыш рет АТР турнирін ұтып алды
(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 24 ақпан
24 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайлық теннисші У Ибин Далластағы АТР турнирінде жеңіске жетті.
Әлемнің 97-ракеткасы саналатын У Ибин үш сет қорытындысы бойынша америкалық Джон Изнерді (39-ракетка) жеңіп кетті. Есеп - 6:7 (4:7), 7:6 (7:3).
Осылайша, У Ибин АТР турнирінде топ жарған алғашқы қытайлық теннисші ретінде тарихқа еніп отыр. Сондай-ақ ол рейтингте алғашқы ондыққа енетін спортшы Тэйлор Фрицті ұтқан алғашқы Қытай теннисшісі ретінде де есте қалмақ.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online