Шыңжаңда тарихқа дейінгі Гаотай қирандыларынан сүйек коньки табылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 27 ақпан
Шыңжаңда тарихқа дейінгі Гаотай қирандыларынан сүйек коньки табылды

27 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 2022 жылы Шыңжаңдағы археологиялық жұмыстар жөніндегі есеп беру жиналысынан алған ақпаратына сәйкес, Шыңжаңның Нылқы ауданы Жырынтай сайындағы Гаотай қирандыларынан жиыны 40-тан астам ағаш арба дөңгелектері мен өзге де компоненттер табылды. Бұл жаңалық - Қытайдағы тарихы ең ерте, саны ең көп және ең толық сақталған ағаш дөңгелек материалы.

Сонымен қатар қирандылардан табылған сүйек конькилері де Қытайда алғаш рет байқалып отыр. Конькилер сиыр мен жылқының сүйектерінен жасалғаны анықталды, ал пішіні Еуропадағы ежелгі сүйек конькилерімен бірдей. Бұл қола дәуірінде Еуразияда Шығыс пен Батыс арасындағы алмасудың жаңа дәлелдерін береді, сонымен қатар Қытайдағы мұзда сырғанаудың шығу тегін зерттеу үшін сирек кездесетін физикалық деректер болып табылады. Зерттеу нәтижесі бойынша, Гаотай қалдықтарының уақыты біздің эрамызға дейінгі XVI ғасырдан б.з. д. XV ғасыр аралығына тура келетіні анықталды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото