Бейжіңде ҚКП 20-сыншы Орталық Комитетінің екінші пленарлық отырысы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 1 наурыз
Бейжіңде ҚКП 20-сыншы Орталық Комитетінің екінші пленарлық отырысы өтті

1 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік партиясы 20-сыншы Орталық Комитетінің екінші пленарлық отырысы 2023 жылдың 26-28 ақпаны аралығында Бейжіңде өтті.

Пленарлық отырыс Орталық Комитет Саяси Бюросының төрағалығымен ашылды. Мәжілісте ҚКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпин маңызды сөз сөйледі.

Пленарлық отырыс Си Цзиньпиннің Орталық Комитет Саяси Бюросының тапсырысы бойынша жасаған жұмыс туралы есебін тыңдап, талқылады. Сондай-ақ Орталық Комитеттің Саяси Бюросы кең көлемде партия іші-сыртынан жинаған ұсыныстарын, қайта-қайта пысықтап, кеңесу негізінде ұсынған 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайы жиналысы бірінші сессиясына ұсынатын Ұлттық орган басшылары кандидаттарының есімдері мен Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің 14-інші мемлекеттік комитетінің бірінші сессиясына ұсынылатын Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің басшылары кандидаттарының есімдері қаралып, мақұлданды. Осы екі ұсыныс үміткерлер есімін жеке-жеке 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайы жиналысы бірінші сессиясының төрағалар алқасына және Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің 14-інші мемлекеттік комитетінің бірінші сессиясының төрағалар алқасына ұсыну ұйғарылды.

Кең сауалнама негізінде ұсынылған «партия мен мемлекеттік органдардың реформа жоспары» талқыланып, қабылданды. Си Цзиньпин пленарлық отырыста «партия мен мемлекеттік органдардың реформа жоспарын (жоба)» түсіндірді. Отырыс «партия мен мемлекеттік органдардың реформа жоспары» мазмұнының бір бөлігін заңдық рәсімдерге сәйкес 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайы жиналысы бірінші сессиясының қарауына ұсынуға келісті. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото