Цзянсу өлкесінің Рудун аумағында жабайы бұлан табындары көзге түсті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 1 наурыз
Цзянсу өлкесінің Рудун аумағында жабайы бұлан табындары көзге түсті

1 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Цзянсу өлкесінің Рудун ауданындағы Сяоянкоу туристік курортында 30-дан астам жабайы бұлан үйірі пайда болды.

Тілшінің Рудунның қоршаған ортаны қорғау департаментінен алған ақпаратына сәйкес, Сяоянкоу туристік курорты Яньчэндегі Дафен Бұлан ұлттық табиғи қорығына жақын орналасқан. Бұл аймақта жабайы бұландар бұрын да пайда болған, бірақ олардың саны бірнеше ғана болатын, яғни қазіргідей үйірімен жүру сирек кездесетін еді.

Бұлан ― тіршілік ету ортасына талғамы аса жоғары ұлттық деңгейдегі қорғалатын жануар. Соңғы жылдары Рудун жағалаудағы аумақтардың экологиялық қорғанысын, сулы-батпақты жерлердің экологиялық қалпына келуін күшейтіп, биосфераны үнемі кеңейтуді жалғастырып келеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото