Әлемдегі алғашқы үлкен сыйымдылықтағы батареясы бар Ro-ro жолаушылар кемесі жасалды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 1 наурыз
Әлемдегі алғашқы үлкен сыйымдылықтағы батареясы бар Ro-ro жолаушылар кемесі жасалды

1 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 28 ақпан, Гуанчжоу қаласының Наньша аумағында әлемдегі алғашқы үлкен сыйымдылықтағы батареясы бар, гибридті, екі басты Ro-ro жолаушылар кемесі жасалып болды.

Ro-ro жолаушылар кемесінде үлкен сыйымдылықтағы 1 160 аккумулятормен жабдықталған 4 аккумуляторлық бөлім бар. Жалпы аккумулятор сыйымдылығы 8,8 МВт/сағ (мегаватт-сағат) жетеді, бұл 150 электромобильдің аккумулятор сыйымдылығының қосындысына тең.

Сонымен қатар кеменің жанармаймен жұмыс істейтін қозғалыс режимі мен батареямен қозғалатын режимін бір пернемен ауыстыруға болады. Әсіресе кеме портта және одан тыс жерде жұмыс істегенде және ашық теңізде жүзгенде, батареяның жұмыс режимін толығымен пайдалану арқылы ластаушы заттардың «нөлдік шығарындысына» қол жеткізуге болады.

Кемені Қытай Shipbuilding Corporation-нің еншілес компаниясы Guangchuan International компаниясы Ұлыбританиядағы P&O паромдары үшін жасады. Жақын арада Ұлыбританияға сапар шегеді. Осыдан кейін кеме негізінен Британдық Довер порты мен Францияның Кале порты арасында қатынайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото