Янцзы өзенінде балық аулауға салынған он жылдық тыйым өз нәтижесін бере бастады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 2 наурыз
Янцзы өзенінде балық аулауға салынған он жылдық тыйым өз нәтижесін бере бастады

2 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігі жүргізген 2022 жылғы ғылыми зерттеуге сәйкес, Қытайдың Янцзы өзенінің бассейніндегі теңіз шошқаларының саны 1 249-ға жетіп, бес жыл ішінде 23,42%-ға өскен.

Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігінің қызметкері Ма И баспасөз мәслихатында Янцзы өзені суының биоәртүрлілігін қалпына келтіру үшін 2021 жылы енгізілген Янцзы өзені бассейнінің негізгі аудандарында балық аулауға салынған он жылдық тыйым теңіз шошқаларының көбеюіне ықпал еткенін айтты.

«Судағы панда» деп аталатын сирек кездесетін теңіз шошқасы Янцзы өзені бассейнінің экологиялық жағдайының анықтауышы саналады.

Янцзы өзенінің негізгі суларындағы балық түрлері мен ресурстар біртіндеп артып келеді. 2022 жылы Янцзы өзені бассейнінің негізгі суларында 193 балық түрі байқалды, бұл 2020 жылғы 168 түрден 25 түрге көп.

Ма Идің айтуынша, 2022 жылдың аяғындағы жағдай бойынша Қытай үкіметі балықшыларды көшіру үшін өтемақы мен жәрдемақы түрінде жалпы 26,998 миллиард юань бөлді. 160 000-нан астам балықшы түрлі салаларда жұмысқа орналасты.

Ма И Янцзы өзенінің суларының биоалуантүрлілігі әлі де салыстырмалы түрде аз екенін, балық аулауға тыйым салуды күшейту және осы аймақтағы су жануарларын қорғау үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото