14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайының бірінші сессиясы 8 жарым күнге созылады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 4 наурыз
14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайының бірінші сессиясы 8 жарым күнге созылады

4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайы бірінші сессиясының ақпарат тарату мәжілісінде құрылтай өкілі Ван Чао 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайы бірінші сессиясы 5 наурыз күні таңертең басталып, 13 наурыз күні таңертең жабылатынын, жалпы 8 жарым күнге созылатынын айтты. Құрылтайдың күн тәртібінде Үкіметтің жұмысы туралы есептер, «Қытай Халық Республикасының заң шығару заңы (түзету жобасы)» бойынша заң жобаларын қарау, Мемлекеттік Кеңестің институционалдық реформа жоспарын қарау, сондай-ақ мемлекеттік мекеме мүшелерін сайлау және тағайындау туралы шешім бойынша 6 баяндаманы қоса алғанда, 9 тармақ бар. 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайы бірінші сессиясына дайындық толық аяқталды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото