Си Цзиньпин жоғары сапалы дамуды жаппай социалистік заманауи елді құрудың басты міндеті ретінде қарастырады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 6 наурыз
Си Цзиньпин жоғары сапалы дамуды жаппай социалистік заманауи елді құрудың басты міндеті ретінде қарастырады

6 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы, мемлекет Төрағасы және Орталық әскери комитет төрағасы Си Цзиньпин 5 наурыз күні түстен кейін 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайының бірінші сессиясы Цзянсу өлкесі делегациясының талқылауларына қатысу кезінде, жоғары сапалы даму жаппай социалистік заманауи елді құрудың басты міндеті екенін атап көрсетті.

Төраға дамудың жаңа тұжырымдамасын толық іске асыру үшін сапаның тиімді жақсаруы мен санның ақылға қонымдылығын оңтайлы үйлестіру қажеттігін айтты.

Си Цзиньпин реформалар мен ашықтықты ұдайы тереңдетуді, даму әдістерін өзгертуді және жоғары сапалы дамудың тұрақты жүйесі мен механизмін қалыптастыруды жеделдету қажет екенін атап көрсетті.

Си Цзиньпин Қытайдың дамуы арқылы халық бұқарасының жетістігін, бақуаттылығы мен қауіпсіздігін арттыруы керек екенін айтты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото