Технология фермерлердің шаруашылық жұмыстарының «ақылмен» аяқтауына көмектесті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 6 наурыз
Технология фермерлердің  шаруашылық жұмыстарының «ақылмен» аяқтауына көмектесті

6 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қазіргі заманғы ауылшаруашылық өндірісі ғылым мен техниканың көмегінен бөлінбейді. Хэнань өлкесінің Анян ауданындағы жоғары сапалы ауылшаруашылық жерлерінің демонстрациялық аумағында инфрақұрылымы кемелденген атыз тақталары бір-біріне іргелес орналасқан. Аньян Сяосун кәсіби отырғызу кооперативінің басшысы Чжан Сяньчжи жоғары стандартты ауылшаруашылық жерлерін салудың артықшылықтарын жоғары бағалады.

«Мен ұялы телефоным арқылы 25 гектардан астам жерді суаруды өз күшіммен аяқтай аламын», - дейді ол.

Чжан Сяньчжи ұялы телефонмен «Smart Agriculture Cloud Platform» жүйесіне кіру арқылы бидай алқаптарындағы суару мөлшерін нақты уақыт режимінде басқара алатынын көрсетті.

Анян ауданы Вадянь ауылының ауылшаруашылық технологияларына қызмет көрсету орталығының директоры Ли Ган журналистерге «Smart Agriculture» платформасы суару кезіндегі су мен электр энергиясын үнемдеуге, фермерлердің егіншілік шығындарын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото