Қытайдың Сиань қаласынан Қазақстанның солтүстігіне алғашқы мәдени пойыз аттанды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 8 наурыз

8 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Сиань қаласынан Қазақстанның солтүстігіне алғашқы мәдени пойыз жолға шықты.

Бұл пойыз Сиань әйелдер федерациясы Солтүстік Қазақстандағы әйелдер мен балаларға арнап дайындаған Қытайдың дәстүрлі қолдан жасалған жібек орамалдары, көлеңкелі қуыршақтар, қағаздан жасалған халық қолөнері және қолдан жасалған сабан картиналары сияқты материалдық емес мәдени мұраларды тасымалдайды. Сондай-ақ Сиань қаласындағы балалар мен жастардың қолдан жасаған картиналары мен хаттары да тиелген. Бұл керемет туындылар Солтүстік Қазақстандағы әйелдер мен балаларға Чаньань мәдени пойызы арқылы жеткізіледі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото