Гуйпин, Гуанси: жүз гектарға жуық рапс гүлдері қауашақ жарды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 9 наурыз
Гуйпин, Гуанси: жүз гектарға жуық рапс гүлдері қауашақ жарды

9 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Көктем келіп, гүлдер ашылып, табиғат жанданды. Гуйпин қаласының Фули ауылындағы жүз гектарға жуық атыздағы алтын түсті рапс гүлдері қауашақ жарып, көктемгі көріністі ерекше етіп, ауылдың келбетіне сұлулық сыйлады.

Соңғы жылдары Фули ауылы жергілікті жағдайларға сәйкес экономикалық өзгерістерге ықпал етіп, ауыл шаруашылығы мен туризмді интеграциялау және дамыту арқылы баюдың жаңа жолына түсті. Келесі кезеңде Фули ауылы демалыс үшін ауылдық экологиялық туризм индустриясын дамытуды жалғастырады, отырғызылатын гүлдердің түрін арттырып, егу ауқымын кеңейтеді. Сонымен қатар қызмет көрсету нысандарын жақсартып, сапалық және сандық жағынан тұрақты даму жолын ашады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото