- Барлық ақпарат
Шыңжаңның Тұрпан қаласында 36 мың гектар жердегі жүзім сөреге ілінді (7)
(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 9 наурыз
![]() |
9 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында ауа райының жылынуына ілесе, Шыңжаңның Тұрпан қаласында жүзімді сөреге ілу маусымы басталды. Сөйтіп қалада 36 253 гектар жердегі жүзімдер сөреге ілінді.
Тұрпан жүзімі елдің іші-сыртына әйгілі. Жыл сайын қыста фермерлер жүзімді жылы ұстау үшін жерге көміп тастайды. Келесі жылдың көктемінде оларды қазып алып, жүзім сөресіне іледі. Соңғы жылдары Тұрпан қаласында жүзім сөрелерін қайта құрудың арқасында, фермерлер жерге көмілген жүзім ағаштарын машинамен қазып алатын болды. Бұл еңбек шығындарын үнемдеп қана қоймай, жүзім ағаштарын қазудың тиімділігін арттырды.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online