Мемлекеттік Кеңестің премьер-министрі Ли Цян Үкіметтің биылғы жұмысы туралы: Тұрақтылық барысында ілгерілеу

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 13 наурыз
Мемлекеттік Кеңестің премьер-министрі Ли Цян Үкіметтің биылғы жұмысы туралы: Тұрақтылық барысында ілгерілеу

13 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін Мемлекеттік Кеңестің премьер-министрі Ли Цян Халық құрылтайы сарайында өткен баспасөз жиналысына қатысып, Қытай және шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап берді. Премьер-министр 2023 жылы Мемлекеттік басқарудың негізгі бағыты тұрақтылықты басты орынға қойып, тұрақтылық барысында ілгерілеуге қол жеткізу және барлық экономикалық қызметтің жақсаруына жәрдемдесу екенін мәлімдеді. 

Ли Цянның сөзінше, тұрақтылық – ол тұрақты өсуге, тұрақты жұмыспен қамтуға және тұрақты бағаларға назар аудару. Ілгерілеу - жоғары сапалы дамуда жаңа прогреске жетудің кілті. Атап айтқанда, біз келесі аспектілерде жақсы жұмыс істеуіміз керек. Біріншіден, макроэкономикалық саясат саласында жақсы жұмыс істеу, екіншіден, сұранысты кеңейту, үшіншіден, реформалар мен инновацияларды күшейту, төртіншіден, тәуекелдерді болдырмау және жою. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото