Ли Цян: Қытай экономикасының болашағы жарқын

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 13 наурыз
Ли Цян: Қытай экономикасының болашағы жарқын

13 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін Мемлекеттік Кеңестің Премьер-министрі Ли Цян Халық Жиналысының Үлкен залында өткен баспасөз конференциясына қатысып, Қытай және шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап берді. «Биыл Қытайдың экономикалық өсуінің күтілетін нысаналы көрсеткіші шамамен 5% деңгейінде белгіленді. Бұл оңай шаруа емес. Біз көп жұмыс істеуіміз керек».

Ли Цян Қытайдың экономикалық дамуы үшін көптеген қолайлы жағдайлар бар екенін айтты. Мысалы, нарық орасан зор, таптырмас, өнеркәсіптік жүйе толық, адами ресурстар бай және дамудың негізі берік. Одан да маңыздысы Қытайдың жүйелік артықшылықтары аса көрнекті. Сонымен бірге Қытайда қиындықтар да аз емес. Алайда еліміз қандай да күрделі жағдайдан шыға алады әрі дамудың жаңа жолында керемет жетістіктерге жетуде.

Ли Цян Қытай экономикасының болашағына аса сенімді бола отырып: «Соңғы екі айдағы жағдайға қарағанда, еліміздің экономика саласы тұрақтанды. Кейбір халықаралық ұйымдар да осы жылы Қытайдың экономикалық өсуіне деген оң көзқарастарын білдірді», - деді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото