«Күрескер» Океанияның айналасындағы терең теңізге сүңгу бойынша алғашқы халықаралық басқарылатын сапарын аяқтады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 14 наурыз
«Күрескер» Океанияның айналасындағы терең теңізге сүңгу бойынша алғашқы халықаралық басқарылатын сапарын аяқтады

14 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 11 наурыз күні «Зерттеуші 1» ғылыми-зерттеу кемесі Саньяға терең теңізде басқарылатын «Күрескер» сүңгуірін алып келді. Ол Океания айналасында алғашқы басқарылатын терең теңіздегі сапарын сәтті аяқтады.

Бұл саяхат - Қытай Ғылым академиясының терең теңіз ғылымдары және инженерия институты басқаратын «тұңғиыққа терең сүңгудің жаһандық жоспарының» бірінші кезеңі. 2022 жылғы 6 қазанда Саньядан жүзіп бастаған сапары 157 күнге созылып, Океанияның айналасындағы сапары 22 000 теңіз милінен асты. Бұл жоспарға 10 отандық және шетелдік мекеме қатысты. Өте ұзақ жүзу кезеңін сынау аясында «Күрескер» барлығы 63 тиімді сүңгуді орындады, оның ішінде 4-еуі 10 000 метрден астам тереңдікке сүңгуі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото