Хэнань өлкесінің Чжоукоу орталық портынан АҚШ-тың Майами портына контейнерлік маршрут ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 15 наурыз
Хэнань өлкесінің Чжоукоу орталық портынан АҚШ-тың Майами портына контейнерлік маршрут ашылды

15 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 13 наурызда Хэнань өлкесінің Чжоукоу қаласындағы Чжоукоу орталық портынан Америка Құрама Штаттарының Майами портына контейнерлік маршрут ресми түрде ашылды. Бұл бағыттан шығатын тауарлар Майами портына 45 күнде жетеді. Контейнерлерге Чжоукоуда өндірілген 130 тонна құрғақ көкөністер мен жергілікті дәмдеуіштер тиелген. Олар Чжоукоу орталық портынан шығып, 10 күннен кейін Шанхайдың Яншань портына жетеді. Содан кейін Майами портына қарай теңіз жолы арқылы жеткізіледі. Суретте контейнерлік тасымалдауға арналған кеме.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото