Азиялық піл құтқарылды (3)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 16 наурыз
Азиялық піл құтқарылды

16 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 13 наурыз күні Юньнань өлкесі Сишуанбаньнада бір азия пілі кездейсоқ шалшық шұңқырға құлап кетті. Жағалаудағы үйірлі пілдер оны бірнеше рет құтқаруға тырысқанымен, нәтиже болмады. Шұңқырға құлаған піл барған сайын батып бара жатқанын көріп, ауылдағылар полицияға қоңырау шалды. Полиция тиісті бөлімдерге хабарласып, айналадағы адамдарды сейілтті. Құтқарушылар пілді шошытып алмау үшін, балшық шұңқырдың жанын экскаватормен көлбеу қазып, батып қалған пілді аман-есен шығарып алды.

Жұртты таң қалдырғаны, қатерден құтылған піл өзін құтқарып қалған экскаваторға қарап, «мұрнын бұлғап», өз жолына түсті. «Піл өте сезімтал. Оның мұрнын бұлғағанынан бізге алғыс айтып тұрғанын сездім», - деді экскаватор жүргізушісі.

Мәліметтерге сәйкес, құтқарылған піл үйірімен бірге табиғи қорыққа аман-есен оралыпты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото