Коньки тебуден ұлттық чемпионат: Қанат Мұқаметұлы бас бәйгені жеңіп алды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 17 наурыз
Коньки тебуден ұлттық чемпионат: Қанат Мұқаметұлы бас бәйгені жеңіп алды

17 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 13 наурыз күні Үрімжіде 2022-2023 жылдардағы коньки тебуден ұлттық чемпионат басталды. Шыңжаң конькимен сырғанау командасы бірінші күні 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жеңіп алды. 5000 метрлік ерлер арасындағы көпсайыста Шыңжаң спортшысы Қанат Мұқаметұлы 6 минут 28 секунд нәтиже көрсетіп, алтын медальді қанжығасына байлады.

Мәліметтерге сәйкес, бұл дода 4 күнге созылады. оған 22 өлкеден (автономиялы өңірлер мен орталық үкіметке тікелей есеп беретін қалалар) барлығы 166 спортшы қатысты. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото