Ресейдегі «Тинтин» есімді сүйкімді панда

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 20 наурыз
Ресейдегі «Тинтин» есімді сүйкімді панда

20 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 2023 жылдың 19 наурызында Мәскеу хайуанаттар бағына «Руйи» және «Тинтин» пандаларын көруге келген туристер ерекше көп болды. Пандалар павильоны төрт жыл қатарынан Мәскеу хайуанаттар бағының жергілікті тұрғындар мен туристер үшін ең танымал орынға айналғаны белгілі.

Аталық Панда «Руйи» 2016 жылдың шілдесінде Қытайдың алып пандаларды қорғау және ғылыми-зерттеу орталығының Яан Бифэнся базасында дүниеге келген. Ал аналық панда «Тинтин» 2017 жылдың шілдесінде осы орталықтың Волуншэньшупин базасында өмір есігін ашты. 2019 жылы Қытай мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың 70 жылдығына орай «Достық елшілері» жұбы 15 күнге Ресейге келген еді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото