Ауылдық баскетбол лигасы Қытайдағы интернет желісінде танымал болды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 28 наурыз
Ауылдық баскетбол лигасы Қытайдағы интернет желісінде танымал болды

28 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылдың 26 наурызында түсірілген алаңның фотосуреті Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу өлкесінің Тайцзян Округі ауданының Тайпан ауылында өткен ауылдық баскетбол ойынын көрсетеді. Жергілікті тұрғындар ұйымдастырған бұл іс-шара көптеген жылдар бойы танымал болды және көптеген көрермен мен қатысушының қызығушылығын оятты. Жарыс ауыл баскетболшыларының ойынға деген сүйіспеншілігі мен шеберлігін байқатып, жарыс барысында олар топтың ынтымағын да сынады.

«Ауылдық баскетбол ойыны» қаншалықты ауқымды болуы мүмкін? Қытай баскетболының жұлдызы Яо Мин: «Жарыс билетін ала алмай қаламын ба деп тұрмын» деп өзінің алаңдаушылығын білдірді.

Өткен демалыс күндері Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу өлкесінің Дабань ауылындағы 30 000 адамға арналған трибуна нық толы болды, бұл биылғы «ауылдық BA-дің» танымалдылығын дәлелдеп отыр.

Екі күндік қиян-кескі жарысқа бола елдің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлер 1200-ге жуық тұрғыны бар аядай ауылға жиналды. Бұл аймаққа бұқаралық ақпарат құралдары да келді және Қытайдың негізгі бұқаралық ақпарат құралдары тікелей эфирде болды .Финал қытайлық әлеуметтік желілердегі желі қолданушыларын таң қалдырды. Дүйсенбі күні түстен кейін Weibo- парақшасында «Гуйчжоудағы ауыл BA» аясында жазғандар 65 миллионнан астамға жетті.

Финалдан кейінгі марапаттау рәсімінде чемпион команда кубоктар, медальдар және жергілікті Мяо аймағының дәстүрлі күміс қалпақтарын алды.

Бірінші және екінші орын иегерлеріне арналған сыйлықтар: бекіре және шыбар үйрек. Желі қолданушылары сыйлықтың халық тұрмысына тым жақын екенін жарыса жазды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото