- Барлық ақпарат
2023 жылғы Шанхай халықаралық яхталар көрмесі басталды (6)
29 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылдың 28 наурызында Шанхай жаңа халықаралық көрме орталығында Shanghai Tourism Industry EXPO кластерлік көрмесі - 26-ншы халықаралық қайықтар мен техникалық жабдықтар көрмесі, 2023 жылғы Шанхай халықаралық яхта көрмесі және 2023 жылғы Шанхай өмір салты шоуы ашылды.
Мәліметтерге сәйкес, бұл көрмеге 400-ден астам экспонент қатысады. Көрмеден басқа, әр түрлі форумдар, іс-шаралар, шоулар, аукциондар, баспасөз жиындары, жарнамалық кездесулер, инвестициялық конференциялар сияқты бай мазмұнды іш-шаралардың жалпы 120-сы өтеді. Төрт күндік көрме кезінде көрермендермен онлайн және офлайн режимінде байланыс жүзеге асады. Сөйтіп, аталмыш шара осы салаға және ынтымақтастық перспективаларына үлкен ықпал ететін болады.
people.cn © People's Daily Online