- Барлық ақпарат
Шәуешек ірімшік күлшесі: көпұлтты тағам ерекшеліктерін біріктіретін Шыңжаң тағамы (4)
3 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Шәуешек Шыңжаңның Іле Қазақ автономиялы обылысына қарасты қала. Онда 25 этникалық топ тұрады. Соңғы екі жылда мұнда өндірілген «Шәуешек ірімшік күлшесі» әлеуметтік желілерде танымал болып, көптеген тағам әуесқойын қызықтырды.
Бұл ірімшік тоқашты шыңжаңдық жас жұбайлар әзірлеген. 2016 жылы сырт жерде көп жыл жұмыс істеген олар ауылына оралып, ата-анасымен бірге түрлі тәтті тоқаштар жасайтын дүкен ашуға шешім қабылдайды. Сөйтіп шыңжаңдық жас жұбайлар 2017 жылы осы ірімшік күлшесін жасады. Ірімшік күлшесінің қабаттарына ірімшік жағылып, арасына мейіз, кептірілген мүкжидек, жаңғақ қатарлы жеміс-жидектер салынады, соңында бетіне сүт ұнтағын себеді. Сөйтіп, дәмі тіл үйіретін «Шәуешек ірімшік күлшесі» дүниеге келді.
Тарбағатайдың жері құнарлы, суы мол, күн нұры жеткілікті. Мұнда өндірілген жоғары сапалы ұн, сүт, бал, сиыр және қой еті және басқа да шикізаттар Шәуешек дәмді тағамдарының әзірленуіне негіз қалады. Сонымен қатар Шәуешектегі әртүрлі этникалық топтар ұзақ уақыт бірге өмір сүріп, барыс-келіс жасап келеді және олардың тағамдық мәдениеттері бір-біріне әсер етті, соның нәтижесінде әртүрлі этникалық тағамдардың сипаттамаларын біріктіретін «Шәуешек ірімшік күлшесі» сияқты тағамдарын әзірледі.
people.cn © People's Daily Online