- Барлық ақпарат
Қытай мақта өндірісінің негізгі аумағында көктемгі егіс басталды (8)
4 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Ауа-райы жылынып, Шыңжаңда көктемгі мақта егу оңтүстіктен солтүстікке қарай басталды. Макіт ауданы, Лопнұр ауданы сияқты жерлерде жергілікті мақта өсірушілер түрлі заманауи аспаптарды қолдана отырып, мақта егуді бастап кетті.
Бірегей жарық пен жылу жағдайларының арқасында Шыңжаң еліміздегі ең үлкен, ал әлемдегі маңызды мақта өндіретін аумақ санатында. Соңғы жылдары Шыңжаң мақта шаруашылығын оңтайландыру шараларын жалғастырып, бұл мақта өнімін үздіксіз арттыруға ықпал етті.
2022 жылы Шыңжаңда мақта егу алаңы 2 496 933 гектар болып, бұл елдегі мақта егу алаңының 83,2%-ын құрап, мақта өндіру көлемі 5,391 млн тонна болып, өткен жылмен салыстырғанда 262 000 тонна жоғарылаған. Елімізде мақта өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесі ұлғайып, 90,2%-ға артып, рекордтық жоғары деңгейге жеткен. Шыңжаңдағы мақта өндірісінің жалпы көлемі, өнімділігі, егістік алқаптары және шикізатты бөлу 28 жыл қатарынан елде бірінші орында тұр.
Фотоның келу қайнары:Синьхуа
people.cn © People's Daily Online