Қытай 40-ыншы Лоян пион гүлінің мәдени фестивалі шымылдығын ашты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 10 сәуір
Қытай 40-ыншы Лоян пион гүлінің мәдени фестивалі шымылдығын ашты

10 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 8 сәуір күні кешке Лоян қаласында Қытай 40-ыншы Лоян пион мәдени фестивалі басталды. «Лоян сырлы қала түні - 2023» кеші онлайн және офлайн режимінде ұйымдастырылды. Фестиваль көрермендерге Лоянның ерекше мәдени келбеті мен сән атмосферасын ұсынды.

Пион мәдени фестивалі 23 сәуірге дейін жалғасады. Ал гүлдерді тамашалау іс-шаралары 5 мамырға дейін жоспарланған. Қазіргі уақытта Лоян қаласының орталығындағы әр аумақта сәндік пион бақтары гүлдену маусымына кірді. Ондағы пиондардың барлық түрлері жарыса шешек атып, бақшада серуендеп, гүлден ләззат алатын тамаша мезгіл басталды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото