Сямэнь қаласында кросс жарыстары және жаяу жүруден ұлттық фитнес жарысы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 10 сәуір
Сямэнь қаласында кросс жарыстары және жаяу жүруден ұлттық фитнес жарысы өтті

10 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 9 сәуір күні таңертең Сямэнь қаласында 2023AMOY50 және тау мен теңізде жаяу жүру бойынша ұлттық фитнес жарысы өтті. Тайвань, Сянган және Аомэньдегі отандастарды қоса алғанда, 2 000-нан астам ойыншы Сямэнь қаласының орталығындағы ең әдемі «50 шақырымдық тау-теңіз жолында» бұл қаланың тамаша көркін жақыннан сезіну үшін Сямэнь ботаникалық бағы оңтүстік қақпасынан аттанды.

2023AMOY50 Сямэнь (Симин) қалалық кросс жарысы - Қытайдағы алғашқы қала орталығындағы кросс IP жарысы ғана болып қоймай, сонымен қатар ITRA халықаралық кросс қауымдастығы және UTMB кросс бойынша қос сертификатын алған жарыс. Бұл іс-шарада барлығы 50 шақырым кросс, 25 шақырым кросс, 15 шақырым жаяу жүру және отбасылар үшін 5 шақырым жаяу жүру жарысы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар дәл осы күні 2023 жылғы Сямынь Симин ауданында спорттық сән маусымы да шымылдығын ашты.

Симин спорттық сән маусымы 2018 жылы басталған. Осы барыста оған 60-тан астам ел мен аймақтан 280 000-ға жуық спортшы қатысты, қатысушылардың ішінде 10 000-нан астам Сямэньдағы тайваньдық отандастар да бар. Бұл - бүкіл Сямэнь халқы үшін ең қызықты спорттық шара.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото