- Барлық ақпарат
Тауарлық көліктер теміржол арқылы бүкіл әлем нарығына бет алды (7)
![]() |
11 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Суретте 10 сәуірде Чунцин Юзуй станциясында тиеуді күтіп тұрған коммерциялық көліктер. Сол күні Чунцинде өндірілген көліктерді тиеген Қытай-Еуропа пойызы Чунцин Юзуй станциясынан жолға шықты. Көліктеріді тасымалдауға JSQ (жеңіл автомобильдерді тасымалдауға мамандандырылған теміржол жүк көліктері) арнайы пойызы қолданылады. Бұл көліктер Қазақстандағы Алтынкөл станциясына шамамен бір аптадан кейін келеді.
Биылдан бастап China Railway Chengdu Bureau Group компаниясының Фулин Автосервис секциясындағы Юзуй станциясында коммерциялық көлік құралдарын тасымалдау мен тиеуге сұраныс айтарлықтай өсті. JSQ типті тасымалдау көлігінің сыйымдылығы үлкен, тиеу-түсіруі оңтайлы, тасымал шығыны төмен сияқты артықшылықтарға ие. Коммерциялық көліктерді кронштейндерді орнатпай-ақ тікелей вагондарға тиеуге болады. Әр вагонға 9-дан 10-ға дейін көлік жүктей алады. Бұл тасымалдау уақытын да тиімді қысқартады.
people.cn © People's Daily Online