- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин Гуандунда қызметтік тексеру-зерттеуде болды (7)
12 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 10 сәуір күні Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы, мемлекет Төрағасы, Орталық әскери комитет Төрағасы Си Цзиньпин қызметтік тексеру-зерттеу үшін Гуандун өлкесіне барды. Бас хатшы алдымен Чжаньцзян қаласына келіп, 863 жоспары бойынша Ұлттық теңіз аквамәдениеті жобасының Оңтүстік базасын, Мажан аумағы Хугуан ауылы Цзинню аралының Мангр аймағын, Сювэн портын және Хуаньбейбу шығанағы Гуандун өлкесінің су ресурстарын бөлу жобасын аралап көрді. Жергілікті теңіз балық шаруашылығын дамыту, мангр ормандарын қорғауды күшейту, көлік инфрақұрылымының өзара байланысын арттыру, Гуандун мен Хайнань өлкесінің дамуына ықпал ету және су ресурстарын бөлуді оңтайландыру салаларының ахуалын білді.
Фотоның келу қайнары:Синьхуа
people.cn © People's Daily Online