Памир үстіртіндегі көкпаршы (11)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 13 сәуір
Памир үстіртіндегі көкпаршы

13 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңның Ташқұрған тәжік автономиялық ауданы Памир үстіртінің шығыс етегінде орналасқан. Оның теңіз деңгейінен орташа биіктігі 4 000 метрден асады. Қодас - Ташқұрған ауданының фермерлері мен малшылары өсіретін негізгі мал түрлерінің бірі және жергілікті халықтың тұрмысымен етене байланысты жануар.

Қодаспен көкпар тарту - Ташқұрған ауданының кең таралған дәстүрлі халықтық спорт түрі. Бұл спорт түрі 2009 жылы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілген. Соңғы жылдары бұл ерекше дәстүрлі спорттық іс-шарасы Ташқұрған ауданының туристік индустриясының дамуымен бірге, көптеген туристің арасында танымал бола бастады.

44 жастағы Бижан Бегуаз - Ташқұрған ауданының тұрғыны. Қодаспен көкпар тартудың материалдық емес мәдени мұрасының өкілдік мұрагері ретінде оның көкпаршылық өнері елден ерек. Ташқұрған ауданындағы той-томалақта қодаспен көкпар тартып, мерекенің мерейін асыру бұл ауылдың дағдысы. Қазіргі уақытта Бижан туристерге осы ерекше спорт түрін таныстыру үшін ауданның мәдени туризм мекемесі ұйымдастыратын ауқымды іс-шараларға қатысады.

Қазір Бижанның отбасында 50-ге жуық қодас бар. Ол бала кезінен бастап қодаспен таныс, 14 жасында әкесіне мұрагерлік етіп, қодаспен көкпар тартқанды үйреніп, ауыл арасында атағы шыға бастаған. 2019 жылы ол Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионында материалдық емес мәдени мұраның өкілді мұрагері болып таңдалды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото