Қытай-Лаос теміржолы халықаралық жолаушылар пойызын іске қосты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 14 сәуір
Қытай-Лаос теміржолы халықаралық жолаушылар пойызын іске қосты

14 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 13 сәуірде Қытай-Лаос теміржолы халықаралық жолаушылар пойызын ашты. Бұдан былай Куньмин мен Вьентьян арасына пойызбен күнбе-күн жетуге болады.

Қытай-Лаос темір жолының Халықаралық жолаушылар пойызы Оңтүстік Куньмин, Пуэр, Сишуанбанна, Мохан, Мо Дин, Луанг Прабанг, Вангвьенг және Вьентьяндағы 8 станцияға тоқтайды. Теміржол портында кедендік ресімдеуді қоса алғанда, жолдың толық уақыты 10 сағат 30 минутты құрайды.

Қытай-Лаос темір жолының Халықаралық жолаушылар пойызының ашылуы бағыт бойындағы жолаушылардың қозғалысын жеңілдетеді. Екі ел арасындағы туризмді және басқа да салаларды дамытуға жәрдемдесу, екі ел арасындағы экономикалық және сауда алмасуларына ықпал жасау, сонымен қатар, «Бір белдеу, бір жолдың» сапалы дамуын бірлесіп қамтамасыз ету үшін үлкен маңызға ие.

Қытай-Лаос теміржолы 2021 жылдың 3 желтоқсанында ашылғаннан бері, осы жылдың 12 сәуіріндегі жағдай бойынша, Қытай учаскесінде барлығы 11,88 миллион жолаушы, Лаос учаскесінде барлығы 2,2 миллион жолаушы жөнелтілді. Сондай-ақ 3,63 миллион тонна трансшекаралық жүк тасымалданды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото