Гуйчжоу ― Қытайдағы табиғи «көпір мұражайы»

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 17 сәуір

17 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Гуйчжоу провинциясы Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнан-Гуйчжоу үстіртінде орналасқан. Оның аумағының 93% - ы таулар мен беткейлерден тұрады. Сонымен қатар бұл әлемдегі карст рельефінің ең типтік аймақтарының бірі. Таулар, аңғарлар мен өзендерден құралған ерекше географиялық орта Гуйчжоуды аса көркем еткенімен, бұл өңір жергілікті тұрғындардың сыртқы әлемге шығуына қиындық тудырады.

Гуйчжоудағы ыңғайсыз көлік жағдайын толығымен өзгерту үшін, Гуйчжоу провинциясы 2013 жылдан бері жол-көлік құрылысын белсенді түрде дамытып келеді. 2015 жылы Гуйчжоуда округтен округке жалғайтын тасжол салынды; 2017 жылы ауылдан ауылға дейінгі автомобиль жолы төселді. Бүгінгі таңда Гуйчжоудағы 8331 шақырымдық жедел жол елдегі ұзындығы жағынан төртінші орында әрі Қытайдың оңтүстік-батысындағы құрлық көлік торабына айналды. Бұл жетістік Гуйчжоуда көпір салуға үлкен үлес қосты.

Статистикаға сәйкес, қазіргі уақытта бүкіл провинция бойынша салынып жатқан 30 000-нан астам көпір бар. Олардың ішінде әлемдегі ең биік 100 көпірдің жартысына жуығы Гуйчжоуда орналасқан. Үздік ондықтың ішінде 4-і Гуйчжоуда; елімізде «Густавус Линдесолл сыйлығын» жеңіп алған 9 көпір бар болса, соның төртеуі Гуйчжоу провинциясында. Демек Гуйчжоуды табиғи «көпір мұражайы» деп атауға болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото