Лоян пион фарфоры ― «Ешқашан солмайтын гүл»

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 20 сәуір

20 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Лоян «мыңжылдық астанасы, пион гүлдері қаласы» деген атаққа ие және пион өсіру мәдениетімен танымал. Лоянда гүлдер ашылғанда қала әсем көрініске енеді, қысқа гүл ашу кезеңі өкінішті болғанымен, бірақ Лоян фарфор пионы өзі өкілдік ететін Қытай мәдениеті сияқты ешқашан қурап қалмайды.

Шығыс Хань әулеті кезінде Лоян ежелгі «Жібек жолының» бастапқы нүктесі болды. Осы жерден Қытай фарфоры шетелге асып, елдің мәдениетін шетелге таныстырды. Пион фарфоры - Лоян пион мәдениеті мен ежелгі қытай керамикалық шеберлігінің органикалық интеграциясы нәтижесінде пайда болған жаңа көркем керамика.

«Бір белдеу, бір жол» бастамасы мыңжылдық ежелгі қала Лоянға жаңа өміршеңдік берді. Таң әулеті ақ фарфорының мұрагері Ли Сюэву жасаған Лоян пион фарфоры, Таң әулеті ақ фарфорын күйдіру дағдылары негізінде, әртүрлі керамикалық дағдылардың ерекшеліктерін біріктіреді. Жаңаша ойлау, өндірістік жаңашылдықты және технологиялық инновацияны өзара үйлестіре отырып, қалалық өнер, үй әшекейі, жиһаз өнері, тапсырысқа сәйкес әзірлеу, зергерлік бұйымдар және тұрмыстық әшекей сияқты 6 сала бойынша мыңнан астам бұйымдар жасайды.

Қолдан жасалған бұйымдардың пішіні тұрғысынан, ұлттық пион гүлінен басқа, Ли Сюэв пион фарфорына заманауи дизайн тұжырымдамаларын қосу арқылы Таң үлгісіндегі ханымдар, Жібек жолы бойжеткендері, «Бір белдеу, бір жол» сый-кәделері сияқты заттарды жасап, Лоян мәдениеті мен Қытай мәдениетінің әлемге шығуына тиімді жол ашты.

Лоян пион сарайында орналасқан Ли Сюеву пион мәдениеті мен өнерінің тақырыптық мұражайына барсаңыз, ерекше қолөнер бұйымдары жанарыңызды жаулайды. Қолөнершілердің сызу, бояу, жапырақшалар салу сияқты бірнеше рет өңдеуінен өткен кейін топыраққа «жан» біте бастайды, содан кейін қыш қабат жағу, күйдіру және басқа процестерді аяқтағанда көз алдыңызда көркем пион фарфоры пайда болады.

Пион фарфоры «Гүлдей ашылып, Қытай арманын бірге құрыңыз». (Фотоны түсірген Ван Сяофей, People's Daily Online)

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото