Қытай-Еуропа пойызының Шанлуо-Сиань-Самарқанд бағыты ресми ашылды (2)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 20 сәуір
Қытай-Еуропа пойызының Шанлуо-Сиань-Самарқанд бағыты ресми ашылды

20 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 18 сәуірде таңертең 35 вагон Шанглуо жаңғағы, жаңғақ өңдеу жабдықтары және басқа да тауарлар тиелген Қытай-Еуропа пойызы Шанлуо құрлық портының арнайы теміржол желісінен жолға шықты. Пойыз Сианьдағы әзірліктен соң, батысқа қарай Өзбекстанның екінші үлкен қаласы Самарқандқа аттанады. Сапар барысы 4667 шақырымды құрап, шамамен 8 күнге созылды.

Бұл жолы іске қосылған Қытай-ЕО пойызына жаңғақ, жаңғақ өңдеу жабдықтары, күн батареялары және басқа да тауарлар тиелген. Жалпы салмағы 700 тоннадан асатын жүктің құны 12 миллион юань. Пойыз Қазақстан мен Қырғызстан арқылы Өзбекстанның Самарқанд қаласына барады. Бұл Қытай-Еуропа пойызының Шанлуо-Сиань-Самарқанд бағытының ресми ашылуын білдіреді. Жаңа бағыт Қытай-Еуропа пойызы Сиань құрастыру орталығының құрылысын жеделдетіп, ауылды жандандыруға ықпал етеді. Сонымен бірге «Бір белдеу, бір жол» құрылысына ауқымды халықаралық логистикалық арна ашады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото