Шыңжаң Құмыл қаласындағы Ядан жер бедері керемет көрініс қалыптастырды (4)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 6 мамыр
Шыңжаң Құмыл қаласындағы Ядан жер бедері керемет көрініс қалыптастырды

6 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Птерозавр Ядан - көрініс аумағы Құмыл қаласының оңтүстік-батысында орналасқан. Мұнда негізгі көрініс ретінде әлемдік деңгейдегі Ядан жер бедері және Птерозавр қазбалары бар. Бұл жер бедерінің табиғи формаларын, палеонтологиялық қазбаларды, ежелгі адамдардың тіршілік кешкен орындарын, тарихты, мәдениетті, халықтық әдет-ғұрыптар сынды ресурстарды біріктіретін саяхат аумағы болып табылады. Саяхат орнының жалпы ауданы шамамен 4000 шаршы шақырымды құрайды. Бірнеше күн бұрын бұл аумақта «Марс дәуірі» жобасының іргетасын қалау рәсімі өтті. Мұнда көруге, қабылдауға, пайдалануға, пайда табуға болатын «Ғылым + фантастика + табиғат + экология + мәдениет» қағидаты бойынша марс мәдени туризмі шығармашылық тәжірибесінің иммерсивті базасын құру жоспарланды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото