Шыңжаңның «тонар кәуабін» дайындау барысы (3)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 8 мамыр
Шыңжаңның «тонар кәуабін» дайындау барысы

8 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қой еті кәуабі Қытайда Шыңжаңның дәмді тағамы ретінде танымал. Алайды «тонар кәуап» көп адамдарға таныс емес. Шыңжаңның Кұма фермасының байырғы қала аумағында «тонар кәуап» дайындайтын мейрамхана бар. Сырты қытырлақ, іші жұмсақ, майлы емес, хош исі аңқыған бұл тағамды жергілікті жұрттың білмейтіндері жоқтың қасы. Оны көпшілік өзіндік ерекшелікке ие жеңсік әрі дәмді тағамымыз деп таныстырады. «тонар кәуап» әзірлеуге келетін болсақ, қойдың жас етін бір килограмнан бөліп, жіппен байлайды. Содан соң тұзды суға бір сағаттай салып қояды. Етке дәм кіргеннен кейін, дәмдеуіштер қосып, сыртына бір қабат жүгері ұнын жағады. Ет дайын болғанда тонарға тұзды су сеуіп, еттерді іліп, тонар қақпағының сыртын батпақпен сылап тастайды. Бір сағат мөлшерінде дәмі тіл үйіретін қақталған қой еті дайын болады. Мәліметтерге сәйкес, «тонар кәуап» - мейрамхана иесінің ата-бабаларынан жалғасып келе жатқан қой етін қақтау әдісі. Мұндай ет пысыру тәсілі мейрамханаға төрт ұрпақтан бері мұра болып келеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото