Қытай - Орталық Азия саммиті өтетін орын - Қытайдың ежелгі астанасы Сиань (9)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 11 мамыр
Қытай - Орталық Азия саммиті өтетін орын - Қытайдың ежелгі астанасы Сиань

11 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 18-19 мамыр аралығында Шэньси өлкесінің Сиань қаласында Қытай - Орталық Азия саммиті өтеді. Қытайдың 13 патшалығының ежелгі астанасы ретінде Сиань 3100 жылдан астам уақыт бойы қала деңгейі тарихына және 1100 жылдан астам уақыт бойы Астана мәртебесі тарихына ие. Қытай Сианьды саммит өтетін орын ретінде таңдады. Өйткені Сиань - Қытай әлемін түсінудің маңызды терезесі ғана емес, сонымен қатар ежелгі Жібек жолының басталған қаласы. Ұзындығы 7000 шақырым болатын ежелгі Жібек жолы үш құрлықтың - Азия, Еуропа және Африканың экономикалық, сауда және мәдени алмасулары арасын сабақтастыратын буынға айналды және адамзат өркениетінің дамуына ерекше ықпал етті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото