Пэн Лиюань мен «Қытай—Орталық Азия» саммитіне қатысқан шетелдік көшбасшылардың жұбайлары Сианьдағы тарихи театрға барды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 20 мамыр
Пэн Лиюань мен «Қытай—Орталық Азия» саммитіне қатысқан шетелдік көшбасшылардың жұбайлары Сианьдағы тарихи театрға барды

20 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 19 мамырда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің жұбайы Пэн Лиюань «Қытай— Орталық Азия» саммитіне қатысқан Қырғызстан Президентінің жұбайы Жапарова және Өзбекстан Президентінің жұбайы Мирзиеевамен бірге Сианьның тарихи театрына.

Олар «Музыка-би суреті» фрескасының алдында тоқтап, Тан әулеті кезіндегі (618-907) жергілікті және Батыс музыканттарының жарқын көріністерін тамашалады.

Пэн Лиюань мен қонақтар көрме залында көлеңкелі қуыршақтарды бояуға қатысып, халық қолөнершілерімен әңгімелесті.

Тарихи театрда олар Циньцян классикалық өнер туындыларын бірге тамашалады.

Пэн Лиюань халықтар арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайту үшін Қытай Орталық Азия елдерімен мәдени алмасулар мен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.

Жапарова мен Мирзиеева Жібек жолы Орталық Азия мен Қытай мәдениеттерін байланыстыратынын атап өтті. Екі тарап та мәдени алмасуды және өзара үйренуді тереңдетуге үміттенеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото