Кофе Шанхайды әлеммен байланыстыратын «ашық» визит картасы

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 23 мамыр
Кофе Шанхайды әлеммен байланыстыратын «ашық» визит картасы

23 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Шанхайда кофе индустриясы қуатты өміршеңдікке ие. Сондықтан да кофе мәдениеті қаланың өмір салтына айналған.

Кофе және Шанхай

1853 жылы британдық фармацевт J.Lewellyn кофені Шанхайға әкеліп, дәріханада сатады. Ол кезде шанхайлықтар осы бір ащы қоңыр сұйықтықты «жөтел дәрісі» деп атады.

1866 жылы Шанхайдағы штурмандар үшін алғашқы «Hongkou Cafe» ашылды.

1958 жыл Шанхай кофе мәдениетіндегі маңызды кезең болып табылады. Себебі сол жылы Шанхайда танымал брендтік өнім – Shanghai coffee дүниеге келді.

2000 жылдың мамырында Starbucks Шанхайда өзінің алғашқы дүкенін ашты. Бүгінде Шанхай мыңнан астам Starbucks дүкені бар әлемдегі алғашқы қала.

«Шанхайдың 2023 жылғы шолуына» сәйкес, осы жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша Шанхайда 8000-нан астам кофехана бар. Әлем бойынша бірінші орынды иеленетін бұл көрсеткіш Нью-Йорк, Лондон, Токио және т.б. қалалардан әлдеқайда жоғары.

Кофенің ықпалынан болған жаңа тұтыну

Әлеуметтік орындарға салынған шағын кофехана, мүгедек қызметкерлерді негіз еткен «Bear Claw Coffee», когнитивті кемістігі бар қарттарға арналған кофехана ... Шанхайдағы кофеханалар әртүрлі және инклюзивті.

«Шанхайда кофе дәмі біркелкі емес. Кофе қайнату қалаға экономикаға тән сипаттарды орнықтырды. Бұл Шанхай кофесінің инновациялық рухы», - деді Тунцзи университеті экономика және менеджмент иниститутының профессоры Чжу Дацзянь.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото