Қытай Джомолунгма(Эверест)шыңына кешенді ғылыми экспедицияны бастады (7)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 23 мамыр
Қытай Джомолунгма(Эверест)шыңына кешенді ғылыми экспедицияны бастады

23 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 22 мамырда Цинхай-Тибет үстіртіндегі екінші кешенді ғылыми экспедиция мен зерттеу тобынан алған мәліметіне сәйкес, осы жылы Джомолунгма(Эверест)шыңының өте биік аймағындағы кешенді ғылыми экспедиция мен зерттеулер Тибеттің Джомолунгма аймағында жүргізіліп жатыр. 5 ғылыми экспедициялық бөлім мен 13 ғылыми-экспедициялық топтан тұратын экспедицияның 170 мүшесі су ресурстарын, экологияны және адам қызметін зерттеуді жалғастырады. Сөйтіп, Цинхай-Тибет таулы аймақтары бойынша жер жүйесіндегі өзгерістер механизмін анықтайды. Сол сияқты Цинхай-Тибет таулы аймақтарындағы экологиялық қауіпсіздік кедергілері жүйесін оңтайландырады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото