Нейцзян, Сычуань: Жібек құрты өндірісі фермерлердің кірісін арттырды (6)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 25 мамыр
Нейцзян, Сычуань: Жібек құрты өндірісі фермерлердің кірісін арттырды

25 мамыр, онлайн «Халық Газеті» --  Дәл қазір Сычуань провинциясы, Нейцзян қаласы, Дунсин аумағы, Шуанцяо қалашығы, Шуанлю ауылында фермерлер жібек құртының кокондарын жинау үстінде. Нейцзян қаласының Дунсин аумағы ежелден тұт өсіру дәстүрін жалғастырып келеді. Әрі жібек құртының жоғары сапалы кокондарын өндіретін ұлттық база болып табылады. Соңғы жылдары бұл аумақ фермерлердің жібек құрты өндірісін дамытуына белсенді көмектесті. «Компания + кооператив + база + фермер» моделін қолдана отырып, компания 170 гектарға жуық жерге жібек құртының заманауи базасын құрып, жылына жеті партия селекциясын жүзеге асырады. Сонымен бірге тұт шарабы, тұт жапырағы шайы және тұт микориза бактерияларын өндіру сияқты бірнеше өндірістік жүйені дамытты. Өндіріс фермерлердің табысын арттырып, ауылдың жандануына ықпал ететін жаңа «Жібек» жолына айналды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото