Си Цзиньпиннің сөздеріндегі әйгілі шетелдік дәйексөздер

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 6 маусым

6 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Сөз сөйлеуде немесе шетелдік БАҚ-та мақала жариялауда болсын, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин шетелдік мақал- мәтелдерді және белгілі дәйексөздерді жиі келтіреді.

Си Цзиньпиннің мақалалары мен сөйлеген сөздерінде қолданылған кейбір шетелдік нақылдар мен дәйексөздерді қарастырайық.

Гюго әлемдегі ең кең нәрсе - мұхит, мұхиттан шексізі - аспан, ал адамның көкірегі аспаннан да кең екенін айтқан. Әр түрлі өркениеттерге мәміле жасауда бізге аспаннан да кең көкірек керек. Өркениет су сияқты, сіңімді және таралғыш болады.

— 2014 жылғы 27 наурызда Си Цзиньпиннің ЮНЕСКО штаб-пәтерінде сөйлеген сөзі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото