Қазақстандық БАҚ Шыңжаңның көркем келбетін камераға түсірді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 29 мамыр
Қазақстандық БАҚ Шыңжаңның көркем келбетін камераға түсірді

29 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 17-27 мамыр аралығында қазақстандық TURAN телеарнасының журналистері ұсыныспен Шыңжаңдағы Қорғас шекарасы арқылы Қытайға келді. 10 күнге созылған сұхбат барысында түсірілім тобы Шыңжаң Іле Қазақ автономиялы облысына саяхаттап, Шыңжаңның тамаша келбеті мен әсерлі әңгімелерін камераға түсірді.

Күнес ауданының Нарат жайлауында Мәдина Ашылова туристермен бірге биге басты. Нылқының Таңбалы сахарасы тау қойнауындағы омарташының үйіне барып, әңгімесін тыңдады. Құлжа қаласындағы Қазаншы көрініс аумағында үйғыр апайлардан нан пісіруді үйренді... Мәдина сапар барысында әр жердің тұрмыстық ерекшеліктерін сезінетін іс-шаралардың өзіне өте әсер еткенін айтты.

Құлжа қаласындағы Қазаншы көрініс аумағында Мәдина Ашылова ғасырлық тарихы бар үйлердің тиімді қорғалып қалғанын көріп ерекше әсерленді. Мәдина: «Туризмді дамыту ескі ғимараттарды сақталып қалудың ең тиімді әдісі екен. Сонымен қатар бұл жергілікті тұрғындарға өз үйлерінде кәсіп бастап, тұрмыстық жағдайларын жақсарту үшін туризмге сүйенуге мүмкіндік беріпті», - деген ой түйді.

2024 жыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы болып белгіленді. Мәдина бағдарламасының көптеген қазақстандықтарға көмектесетіндігіне сенімді екенін жеткізді.

Іле Қазақ облыстық ән және би театрында қазақстандық TURAN телеарнасының тілшісі Темір Бошаев халық биі «Қара жорға» мен дәстүрлі халық музыкасының орындалуын толық жазып алды. Ол көрермендеріне осы тамашалаған дүниелерін Қытай қазақтарының дәстүрлі мәдениеті мен өнерін таныстыратын бағдарламасы етіп ұсынуды жоспарлап отыр.

Құлжа қаласындағы Қазаншы көрініс аумағында Темір Бошаев өнерпаздардың мың бұралған биін камераға түсіріп алды. Ол әсіресе Іле облыстық ән және би театрында көрген «Джиэ ю ханшайымына» ерекше қызықты.

«Шыңжаңның Іле өңірі өнері мен дәстүрі аса дамыған жер екен. Біз этникалық топтардың қазақтың қара жорғасын, ұйғырдың шыны биін, сондай-ақ орыс және татар билерін билегенін көрдік. Осынау өзара тоғысқан әсем көріністер менің камерамдағы ерекше пейзажға айналды».

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото