Мыңжылдық қабырға суреті және оның 75 жастағы қамқоршысы

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 30 мамыр
Мыңжылдық қабырға суреті және оның 75 жастағы қамқоршысы

30 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Пиян гротто тобы мен одан екі шақырым жерде орналасқан Донгаз Сикулинь ғибадатханасы Тибеттегі ең үлкен буддалық гроттолардың - Пиян пен Донга гроттосы орнын құрайды. Мыңдаған жылдар бойы олар бірте-бірте төбелермен бірікті. Олар Зада геопаркінде сақталып келді де, гроттоны көп адам біле бермейді.

1992 жылдың мамырында Тибет мәдени жәдігерлерін зерттеу экспедициясы Задаға келді. Жергілікті қойшы қыздың жол көрсетуімен бірнеше археолог ара ұясына ұқсас үңгірлері көп Туолинь тауының төбесіне шықты. Зерттеушілердің назарын бірден аударған осы топырақ арасындағы будданың көркем әлемі болды.

Пиян мен Донга гроттосының жұрты табылғаннан кейін, Тибет автономиялық регионының Мәдени жәдігерлер бюросы және археолог мамандар аймаққа техникалық қызмет көрсету, күзету, зерттеу және қазу жұмыстарын бірнеше рет жүргізді. 2013 жылы Мемлекеттік кеңес бекіткен Пиян мен Донга гроттосының қирандылары негізгі мәдени жәдігерлерді қорғаудың ұлттық нысандары тізіміне енгізіліп, әлем назарын аударған ұлттық қазынаға айналды.

2002 жылы мәдени жәдігерлерді қорғауды күшейту үшін Зада ауданының Мәдени жәдігерлерді қорғау департаменті жергілікті тұрғындардан мәдени құндылықтарды сақтау бойынша қызметкерлерді іріктей бастады. Ренценванза ауыл ішінен таңдалған алғашқы қызметкерлердің бірі болды. Содан бері бүгінде 75 жасқа келген Ренценванза 20 жылдан астам уақыт үзіліссіз жұмыс істеп келеді.

Пиан гроттосы таудың екі жағында орналасқан. Ал сауалнамалар мен статистиканың нақты саны 1000-ға жақындады. Алайда, тарихы әріден басталатын көптеген үңгірлер әлдеқашан құлап, санаққа алынбай қалған.

Ренценванза тілшілерді үңгірге апарды. Үңгірдің қабырғалары суреттерге толған. Олар: әр түрлі кейіпкерлер, өрнектер мен пішіндер, сондай-ақ арыстан, тауыс, піл және басқа да жануарлардың бейнелері. Фрескалардың композициясы ретті, пішіні ерекше және бейнесі аса көркем.

Ренценванза бұл фрескалардың түстері жарқын және мың жылдан астам уақыт бойы өшпейтінін, себебі олардың бояуы рең беретін кен түрлерінен алынатынын айтты. Қарттың айтуынша, туристер бұл керемет фрескаларды көргенде қатты таң қалып, кейбіреулері қуаныштан көздеріне жас алады екен. Міне, бұл өнердің құдіреті.

Қазіргі уақытта Пиян мен Донга гроттосының қирандыларына күнделікті техникалық қызмет көрсетуге жауапты 3 мәдени қызметкер бар. Туристер үңгірге барған кезде, қарт оларға үңгір ішіндегі суреттер тарихы туралы айтып, туристердің мәдени жәдігерлерге сақтықпен қарауын ескертіп отырады.

«Бұл фрескалар мен үңгірлер біздің тарихымыз бен мәдениетімізді бейнелейді. Денсаулығым мүмкіндік берсе, мен мәдени жәдігерлерді қорғауды жалғастыруға дайынмын. Келер ұрпақ та осы мұралардың игілігін көретін болады», - деді қария.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото