- Барлық ақпарат
Әлемдегі ең үлкен шұлық базасы бірінші тоқсанда жоғары өсім көрсетті (11)
![]() |
30 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Чжэцзян өлкесінің Чжуцзи қаласындағы Датан көшесі шұлық шығаратын әлемдегі ең үлкен база. Бұл зауыт жыл сайын 25 миллиард жұп шұлық шығарады, бұл елдегі шұлық шығарылымының 70%-дан астамын және әлемдегі шұлық өндірісінің үштен бірін құрайды. База аты затына сай «Халқаралық шұлық астанасы».
Қазіргі уақытта Датан көшесінде қойма стандарты бойынша 201 өнеркәсіптік кәсіпорын бар. Статистикаға сәйкес, осы жылдың қаңтар-сәуір айларындағы жиынтық жалпы өндіріс көлемі 3,54 млрд юаньға жетті, оның ішінде жаңа өнім өндіру көлемі 1,17 млрд юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 10,7%-ға өсті. Сонымен қатар бірінші тоқсанда Датан көшесінің өзіне-өзі қызмет көрсететін өнімдерінің экспорты 2 миллиард юаньнан асып, былтырдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 19,64%-ға өсіп, өсу қарқыны айтарлықтай жақсара түсті.
people.cn © People's Daily Online